Сын сағатта дұрыс шешім қабылдаған батыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сын сағатта дұрыс шешім қабылдаған батыр

28.07.2015
Сын сағатта дұрыс шешім қабылдаған батыр

«Сақтансаң, сақтаймын». Үйде де, түзде де, жолда да сақтық керек қашанда. Бір өзіне ғана емес, жүздеген адамдардың өміріне жауапты машинистердің қызметі асқан ұқыптылықты қажет етеді. Пойыздағы жолаушыларды межелі жерге аман-есен жеткізу де ерлік.

Николай Сливкин  еліміздегі санаулы Құрметті теміржолшылардың бірі. Оған бұл мәртебе тегіннен келмеді. Ол оқыстан тап келген оқиғаның алдын алу үшін мезгілінде оң шешім қабылдаған батыр.

Пойыз сағатына 70 шақырым жылдамдықпен, 17 жолаушылар вагонын сүйреп келе жатқан. Оның қолында 1200 адамның тағдыры тұрды. Рельстегі ақаудың салдарынан дөңгелек жолдан тайса, бүкіл вагон соңынан кетер еді. Сол сәтте дұрыс шешім қабылдау Николай Сливкинге ғана байланысты еді.

Бүгін 17:50-де «Жаныңда жүр жақсы адам» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу