27 шілде күні Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай ресми шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

27 шілде күні Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай ресми шара өтеді

27.07.2015
27 шілде күні Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай ресми шара өтеді

Бүгін яғни, 27 шілде күні  Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай ресми шара өтеді. Бұл туралы  ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында хабарлады.

«27 шілде күні ДСҰ-да Қазақстанның осы ұйымға кіруіне орай ресми шара өтеді. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Женеваға барады», - деп жазған Жоғарғы Палата спикері.

Еске сала кетейік, 22 маусым күні Мемлекет басшысы ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты Қазақстан халқына Үндеу жолдаған болатын. 

 

Хабарламаларға жазылу