Павлодар облысындағы мемлекеттік қызметкерлердің еңбек тиімділігі жапондық жүйе бойынша бағаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы мемлекеттік қызметкерлердің еңбек тиімділігі жапондық жүйе бойынша бағаланады

26.07.2015
Павлодар облысындағы мемлекеттік қызметкерлердің еңбек тиімділігі жапондық жүйе бойынша бағаланады

Павлодар облысындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбек тиімділігі Жапония еліндегі тәжірибеге сәйкес анықталады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мемлекеттік қызметтегі реформалардың нақты механизмдері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асырылады.

Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жолындағы реформа шеңберінде білікті мамандарды іріктеп алу, оларды сол қызметте ұстау, мериократия негізінде қызметтік ынталандыру, сонымен қатар мемлекеттік қызметке біліктілігі төмен азаматтарды қабылдамау мақсатында 2016 жылы қызметшілер кешенді аттестациядан өтпек, - дейді М. Өтешев.

Мемлекеттік кызметке қабылдау үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде Заңдарды білу және құзыреттілігі бойынша тест сынағынан өтеді. Тест мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимылы агенттігіне тапсырылады.

Екінші кезеңде үміткерлердің мемлекеттік қызмет құндылықтарына деген пайымы мен көзқарасы бағаланады. Қорытынды кезеңде үміткер бейінді білімі бойынша мемлекеттік органда әңгімелеуден өтеді, - дейді М.Өтешев.

 

Хабарламаларға жазылу