«Plos One» журналында жарияланған зерттеулер бойынша эмоцияға берілетін адамдар мелодиясы басым, баяу музыка тыңдайды. Ал, ақпаратты жүйелеп, талдауға жақын адамдар панк немесе хэви-метал стиліне әуес келеді.
Зерттеу аясында жүргізілген сауалнамаға қатысушылар 26 түрлі стилдегі ән тыңдап, әр шығарманы ондық балл жүйесімен бағалаған.
Осылайша эмоция мен сезімге жақын адамдар, R&B, баяу рок пен фолк-музыканы таңдаған. Ал, сараптамаға бейім қатысушылар көбіне авангардты джаз бен хэви-метал айрықша бағалаған.
Ғалымдар адамдардың ойлау қабілетіне байланысты бір жанр ішінде әртүрлі ән таңдайтынын анықтаған.
Кембридж университетінің аспиранты Дэвид Гринбергтің ойынша бұл зерттеулер музыкалық индустрия өкілдеріне пайдалы болмақ.