Өскеменге ресейлік Демидовтар шапито-циркі гастрольдік сапармен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменге ресейлік Демидовтар шапито-циркі гастрольдік сапармен келді

25.07.2015
Өскеменге ресейлік Демидовтар шапито-циркі гастрольдік сапармен  келді

Өскемен қаласына Ресейдің танымал өнер ұжымының бірі – халықаралық Демидовтар шапито-циркі келді.

-Біз, гастрольдік сапарлармен Жапония, Германия, Ресейдің бірнеше аудандарында болдық. Алайда Қазақстанға бұл біздің алғаш келуіміз, дейді - Демидовтар шапито-циркінің әкімшісі Александр Богомолов.

Бағдарлама кезінде көрермендер сайқымазақтармен бишілердің, жануарлардың өнерін тамашалай алады. Өнерпаздар көрермен назарын аудару үшін арыстан мен ақ барысты жетектеп, қала көшелерімен жүріп өткен.

Айта кетейік, цирк өнерпаздары Астана күнінде де концерттік бағдарлама ұсынған болатын.

Хабарламаларға жазылу