«Қазгидромет»: 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазгидромет»: 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

25.07.2015
«Қазгидромет»: 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Циклондармен байланысты Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік аудандары және Батыс Сібір арқылы ауысатын атмосфералық фронттар республикамыздың солтүстік, орталық және шығыс облыстарындағы ауа райына әсер етеді.

Осы фронттармен Қазақстанға Баренц теңізінің аудандарынан ылғалды және салқын ауа келеді. Сондықтан демалыс күндері және дүйсенбі күні аталған облыстардың кей жерлерінде найзағай ойнап,  өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ, найзағай кезінде екпінді жел соғып,  ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

Солтүстік облыстарда  таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында  атмосфералық  фронттардың әсерінен өткінші, ал таулы аймақта қалыпты жаңбыр жауады.  Сонымен қатар, температура төмендейді деп болжануда. 40 градустық ыстық болмайды.

Ал, Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

 

Хабарламаларға жазылу