«Қара шаңырақ» - отбасылық құндылықтарды насихаттауды мақсат тұтқан телехикая. Телехикаяның негізгі тақырыбы үш ағайындының арасында өрбиді. Үлкені – ірі кәсіпкер, ортаншысы – спортшы, қылмыс әлемімен аздап байланысы бар, ал кенжесі ауылда өмір сүріп, ауыл шаруашылығымен айналысады.
Әрқайсысының отбасы бар. Сондай-ақ, ағайын арасындағы кейбір мәселені олар өз бетінше шешуге тырысады. Бұған дейін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетілген телехикаяның қайталау бөлімдерін бүгіннен бастап сенбі-жексенбі күндері тамашалай аласыздар.