Талдықорған аккумулятор зауыты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған аккумулятор зауыты

23.07.2015
Талдықорған аккумулятор зауыты

Талдықорған қорғасынды аккумулятор зауыты– аккумулятор, ортақ қақпақты моноблоктар, мотоцикл батареяларын өндіретін кәсіпорын. 1975 жылы іске қосылған.

Бүгінгі таңда зауытта бір мыңға жуық адам еңбек етеді. 40 жылға жуық тарихы бар өндіріс кешені мемлекеттік бағдарламалардың арқасында құрал-жабдығын 100 пайыз жаңартып, жаңа технологиямен өнім шығаруда.

Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 1 миллион 800 мың дана аккумулятор құрастыру. Барлық өнімінің 70 пайызы экспортталады. Негізінен Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан мемлекеттері.

Зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігі, алдағы жоспары туралы толығырақ бүгін 19:10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу