Бүгін – француз әншісі Мирей Матьенің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – француз әншісі Мирей Матьенің туған күні

22.07.2015
Бүгін – француз әншісі Мирей Матьенің туған күні

Ол жастайынан әнге құмар болып, шіркеу хорында өнер көрсеткен. 1964 жылы «Біздің үйде ән айтады» байқауында топ жарып, лауреат атанады.

1965 жылы М.Матье атақты импресарио Джонни Старкпен танысады. Әншінің атын әлемге танытқан осы Д.Старк еді.

1966 жылы ол Франциядағы ең беделді концерт залы – «Олимпия» сахнасында өнер көрсетеді. Сол жылы оның алғашқы ән жинағы жарыққа шығып, миллион данамен таралады.

Негізінен, танымал тұлғаның 133 миллион альбомы 190 мың АҚШ долларына сатылған.

Оның репертуарында француз тілінде - 566, неміс тілінде - 273, ағылшын тілінде - 53, испан тілінде -  37, итальян тілінде 15, сол сияқты жапон, қытай, орыс, фин тілдерінде әндері бар.

М.Матье режиссер С.Герасимовтың «Журналист», Клод Лелуштің «Жаңа жылыңызбен»  және т.б фильмдерде эпизодтық рөлдерді сомдаған.

Әнші 1999 жылы «Құрмет легионы» орденімен, 2010 жылы «Достық» орденімен марапатталады.

Хабарламаларға жазылу