«Qazaq air» әуе компаниясының Алматы-Павлодар бағытындағы алғашқы рейсі 1 тамызға шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaq air» әуе компаниясының Алматы-Павлодар бағытындағы алғашқы рейсі 1 тамызға шегерілді

21.07.2015
«Qazaq air» әуе компаниясының Алматы-Павлодар бағытындағы алғашқы рейсі 1 тамызға шегерілді

Рұқсат беру туралы құжаттарының жоқтығына байланысты «Qazaq air» әуе компаниясының Алматы-Павлодар бағытындағы алғашқы рейсі 1 тамызға шегерілді.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Qazaq Air Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитетінен барлық қажет рұқсат беру туралы құжаттарды алғанда және компания басшылығы қауіпсіздік талаптары қамтамасыз етілгеніне көз жеткізгенде ғана рейсті бастайды», - деді компанияның Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Айнұр Назханова.

Бұған дейін ішкі жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жаңа отандық әуе компаниясының алғашқы рейсі 20 шілдеге жоспарланғаны хабарланған еді.

Алғашқы рейс «Bombardier Q400» ұшағы арқылы орындалады. Әуе компаниясының маршруттық желісі 12 бағытты қамтиды.

 

Хабарламаларға жазылу