ШҚО-да «Қазақстан үміті» республикалық веложарысы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да «Қазақстан үміті» республикалық веложарысы өтуде

20.07.2015
ШҚО-да «Қазақстан үміті» республикалық веложарысы өтуде

Веложарысқа қатысушылар Өскемен қаласынан бастап, Глубокое, Ұлан аудандарын 16-24 шілдеде басып өтпек. Велошабандоздарға ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар сәттілік тіледі, деп жазады altaynews.kz.

«Елімізде спорттың қай түрі болмасын қарқынды түрде дамып келеді. Соның ішінде велоспорт саласы да дамып, жоғары нәтижиелерін көрсетуде. Еліміздегі «Астана» велоклубын осы уақытқа дейін тек Орталық Азия ғана емес, әлем мойындаған. Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жетістігіне қарап, Қазақстанда велоспорттың қалыптасқан дәстүрлі мектебі бар екендігін байқаймыз, - деді Ж.Омар.

8 күнге жалғасатын бәсекеде халықаралық дәрежедегі төреші Рашид Хакимов жетекшілік етеді.

Республикалық жарысты ҚР Білім және ғылым министрлігінің Дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және ШҚО әкімдігінің Білім басқармасы өткізуде.

Хабарламаларға жазылу