Павлодар облысында сот залдары аудио және бейнежазба құралдарымен қамтамасыз етілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында сот залдары аудио және бейнежазба құралдарымен қамтамасыз етілуде

19.07.2015
Павлодар облысында сот залдары аудио және бейнежазба құралдарымен қамтамасыз етілуде

Бұл туралы Павлодар қалалық сотының төрағасы Талғат Тағажай брифинг барысында хабарлады. Бүгінде Павлодар облысының сот жүйесінде Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп жазады pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық сотының төрағасы Талғат Тағажайдың мәлімдеуінше, қазіргі таңда қалалық сот мекемесінде сегіз залда құралдар бар. Жыл соңына дейін тағы сегіз зал жазба құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Павлодар облыстық соты қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Ерболат Бастемиевтің айтуынша, қазіргі таңда өңірдегі аудандық, қалалық және облыстық соттардың 103 залының 44-і аудио және бейнежазба құралдарымен қамтылған. Жыл соңына дейін аймақтағы тағы 52 залға аудио-бейнетіркеу жүйелері енгізіледі.

Хабарламаларға жазылу