Астаналық саябақтарда сенбі-жексенбі күндері концерттік және ойын-сауықтық бағдарламалар ұйымдастырылмақ. Шара барысында шығармашылық ұжымдар да өнер көрсетеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Атап айтсақ, 18, 19 шілде күндері «Ата Түрік» саябағы мен «Астаналық» паркте асық ату жарысы өтеді.
«Жерұйық», «Арай», «Ғашықтар», «Студенттік» саябақтарында 18:00-20:00 аралығында «Көңілді старт» спорттық шарасы ұйымдастырылады. Ал, «Астаналық» паркте гір көтеру спорты мен қол күресінен жарыс болады.
Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтар «Отан қорғаушылар» алаңында ролик теуіп, «Президенттік» саябақта 18:00-20:00 аралығында волейбол ойнай алады.
ФОТО: astana3d.kz