ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар құжаттарын үйде рәсімдей алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар құжаттарын үйде рәсімдей алады

17.07.2015
ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар құжаттарын үйде рәсімдей алады

Мүмкіндігі шектеулі жандар енді халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Өйткені өңірде мемлекеттік қызметті үйде көрсету жүйесі жұмыс істейді.

Дегенмен, мүндай мүмкіндікке тек І және ІІ топ мүгедектері ие бола алады. Арнайы топқа жататын адамдар үйден шықпай-ақ құжаттарын рәсімдей алады.

Мұндай қызметтердің ішінде мекенжай анықтамалары, жылжымайтын мүлікті растайтын құжаттар, тұрғын үйге кезекке тұру, зейнетақы қоры туралы анықтамалармен қатар куәлік рәсімдеу сияқты 275 қызмет түрі бар.

Бұл қызметке қол жеткізу үшін олар 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу керек. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары 3 тәуліктің ішінде істі ретке келтірді.

Айта өтейік, ОҚО-да 52 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 230-ы 2013 жылдан бері мемлекеттік қызметтерге үйден шықпай-ақ қол жеткізуде.

 

Фото: otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу