Астанада 76 білім беру мекемесінде бейнебақылау камерасы орнатылды

16.07.2015
Астанада 76 білім беру мекемесінде бейнебақылау камерасы орнатылды

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 76 білім беру мекемесіне (44 мектеп, 22 балабақша, 6 колледж, «Арман» лагері, «Шығыс» БЖО) бейнебақылау камерасы орнатылды. Сондай-ақ, «Болашақтың мектебі - бүгін» жобасы аясында 17 мектеп бақылаудың кешенді жүйесімен қамтамасыз етілді.

2014-2015 оқу жылдары қаланың 10 мектебінде балаларды мектептен үйге жеткізу жобасы жүзеге асырылды. Осы мақсатта 20 көлік бөлінген.

Барлық қоғамдық көлік бекітілген бағдар бойынша жүреді. Жобаны Астана қаласының Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы қаржыландыруда. Жоба 1529 баланы қамтиды, оның ішінде 1047-сі І ауысымда, 482-сі ІІ ауысымда оқиды.

№65 мектеп лицейінде коррекциялық сыныптардағы 37 мүгедек баланы тасымалдау үшін 10 инватакси ұйымдастырылды.

2015 жылғы ақпаннан бастап білім беру қызметкерлері мен ата-аналардың психологиялық біліктілігін көтеру мақсатында Психологиялық қызмет кабинеті ашылды. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 15 мектепте «Өзін өзі дамыту психологиясы» факультативті курсы тәжірибеге енгізіледі.

Сонымен қатар, Білім басқармасының базасында Психологиялық қызмет кабинетімен бірігіп, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға көмектесу үшін балалардың қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Балалар қоғамдық қабылдау бөлмесі әр сейсенбі күні сағат 14:00-17:00-ге дейін жұмыс істейді.

astana.gov.kz 

Хабарламаларға жазылу