Қазақстандық жас актер Серік Шәріп балалар үйінің тәрбиеленушілері туралы сыр шертетін «Арман қанатында» телехикаясында басты рөлді сомдау үшін 9 қабатты үйдің биіктігіндей құздан секірді.
Жаңа телехикаядағы басты кейіпкерлердің бірін сомдау үшін актер өзінің қорқынышын жеңуге әрекет жасайды. Жардың шетінде тұрып, ол көрермендерге мұндай қадамға хикаяда басты рөлді сомдау үшін барғанын айтады.
Сондай-ақ, Серік сомдайтын кейіпкер қатал мінезді болуы тиіс. Алайда, алғашқы түсірілім күндерінен кейін жас актерге батылдық пен қаталдық жетіспейді деген мін тағылған.
Осы кезде жас жігіт спорттың айрықша түрлерімен айналысатын кәсіби спортшыларға жүгініп, олардың арнайы нұсқауынан өткеннен кейін, 30 метр биіктіктен секіруге бел буады.