Жандарбек Сүйеубайұлы пәтердің ішін ұлттық оюмен өрнектейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жандарбек Сүйеубайұлы пәтердің ішін ұлттық оюмен өрнектейді

16.07.2015
Жандарбек Сүйеубайұлы пәтердің ішін ұлттық оюмен өрнектейді

Жандарбек Сүйеубайұлы пәтерлердің ішін қазақтың ою-өрнектерімен безендіреді. Ұлттық өнерге ықыласы зор шебердің мамандығы – құрылысшы. Бөлме қабырғалары мен төбесін ою-өрнекпен сәндеуге о баста кездейсоқ ден қойған.

«Әдетте, еуро жөндеу жұмыстарында қисайған, иректелген өрнектер  кездеседі. Содан бір күні «неге қазақы өнерді жасап көрмеске»,-деген ой келді. Алғашқыда, бір-екі жерлерге ғана жасадық. Кейін достарымыз үй салып жатты. Оларға ұсыныс тастадық. Мұның бәрі бізге тәжірибе жинау үшін қажет болды»,-дейді шебер.

Жандарбек Сүйеубайұлы ою-өрнектерді этнографиялық кітаптардан алады. 

Ұлттық дизайнды меңгеремін, деушілер көп. Солардың бірі – Бауыржан Қалдан. «Алғаш рет мұндай дизайнды көргенде ұлттық оюға деген қызығушылық пайда болды. Жандарбек аға бар білгенін үйретуде. Ол кісіден әлі де үйренерім көп»,-дейді жас шебер.

Ұлттық нақыштағы безендіру жұмыстары туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу