Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада мемлекеттік қызметкерлерге арналған зал ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада мемлекеттік қызметкерлерге арналған зал ашылды

15.07.2015
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада мемлекеттік қызметкерлерге арналған зал ашылды

Қорында миллионнан астам кітабы бар Елорда  төріндегі кітапханада күн санап, түрлі танымдық залдар ашылуда. Соның бірі – мемлекеттік қызметкерлер залы. Мұнда мемлекеттік салада қызмет ететін әрбір азамат аптаның кез келген уақытында келіп, өз саласы бойынша  материалдар базасын жинақтай  алады.

Мысалы, қазір мемлекеттік қызметтегілердің басым бөлігі арнайы тестілеуден өткізіледі. Дәл осы  залда түрлі заңнамалық тестілеуге дайындалуға жағдай жасалған.

«Мемлекеттік қызметкерлер залының ашылу мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің сұранысын қамтамасыз ету. Зал қорында ҚР мемлекеттік қызметкерлерге арналған  тарих, саясаттану, экономика  бағытындағы кітаптар бар. Сонымен қатар, толық мәтінді мәліметтер базасы ұсынылады»,-дейді бөлім жетекшісі Динара Қынабаева.

Сондай-ақ, жұмыс кестесі сәйкес келмейтін, уақыты тапшы қызметкерлер керек әдебиеттерін кітапхана сайтына енгізіп, электронды каталог арқылы тапсырыс бере алады. Мұнда АҚШ, Ресей сынды елдердің ғылым қорынан жинақталған диссертациялық жинақтар, халықаралық құжаттар да қамтылған.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері, Елбасының кітаптары, тарих, педагогика саласынан 300-ге тарта еңбек бар.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу