Бүгін – Табылды Досымовтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Табылды Досымовтың туған күні

15.07.2015
Бүгін – Табылды Досымовтың туған күні

Қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымов сал-серілік дәстүрді заманға сай жаңғыртты. Сонымен қатар, 1980-ші жылдары тұңғыш рет студенттер арасында өткен республикалық айтыста Бекболат Тілеухановпен бас жүлдені бөлісіп,  «Айтыстың ай мүйізді серкесі» атанғанын бірі білсе, бірі білмес.

Ал, «Табылдының ер-жігітке тән ерекше тентек мінезі кей кездері оң әсерін тигізіп жататын»,-дейді қатарластары.
1980-1990 жылдары студенттік өмірге аяқ басқан жастар Табылдының  әнін сүйсіне тыңдады. Түрлі отырыстарда қазақ баласы лирикалық әндерін шырқап, құрдастарының қиялына қанат бітіретін.

Журналист Серікқали Мұқаш: «Кейін ҚазҰУ-ға оқуға түскен жастар, біздер Табылды өнеріне құрметпен қарағандар қатарынан болдық»,-дейді.

«Біз Тәкеңнің әндерін өз аузынан есту үшін бөлмесіне барамыз. Сонда ол кісі ешқандай жасандылығы жоқ, гитарасын алып, ән айта бастайды. Ол кісі сөйлегенде тұтығыңқырап сөйлейтін, бірақ, тұтыққанының өзі жарасып тұратын. Ән айтқанда, тіпті білінбейтін.

Тәкеңнің әндері журфактың  әнұраны сияқты еді. Жатақханада, отырыстарда, кешке  қарай көгелда отырсақ та, мейрамханаларға бара қалсақ, онда да Табылды ағамыздың әндерін айтатынбыз»,-деп еске алады.

Табылды Досымов көсіліп жазбайтын. Қолына қалам алса болды, қадау-қадау өлеңдері ағылып келетін. Оқу бітірген соң, ол Алматыдан алыстап, ауылға бет түзейді. Содан болар, жырларының дені ару қалаға деген сағынышқа толы болатын.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу