Атырауда «#Talks2050: мұнаймен қатар, мұнайдан бөлек, мұнайдан кейін» атты форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «#Talks2050: мұнаймен қатар, мұнайдан бөлек, мұнайдан кейін» атты форум өтті

13.07.2015
Атырауда «#Talks2050: мұнаймен қатар, мұнайдан бөлек, мұнайдан кейін» атты форум өтті

Атырауда «#Talks2050: мұнаймен қатар, мұнайдан бөлек, мұнайдан кейін» атауымен  форум өтті.

#Talks2050 - TED конференциясы форматындағы бейресми форум.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен өткен шараға 200-ден астам адам қатысты.  

«Спикер ретінде біз тек экономистер мен мұнайшыларды ғана емес, сонымен қатар, экологтар, ғалымдар, суретшілер, шағын және орта кәсіп иелері мен жергілікті атқарушы билік өкілдерін шақырдық.  Олардың әрқайсысына мұнайлы өңірдегі өздерінің жеке тәжірибесін қызықты форматта айтып беру міндеті жүктелді.

Мәселен, кәсіпкерлер үшін бұл - мұнайлы экономикаға тәуелсіз жеке кәсібін дамыту, белсенді қала тұрғындары үшін - жергілікті туризмді дамыту, экологтар үшін - экологияның түйткілдерін төтесінен қою мінбері», - деді «Қазақстан 2050»  Жалпыұлттық қозғалысының Кеңес төрағасы Данат Жұмин.

Форум аясында қатысушылар әр сала мамандарының экономика, инженерия, бизнес, экология, мәдениет саласы туралы көзқарастары мен болжамдарын тыңдады.

 

Хабарламаларға жазылу