Сайыс «Дін мен дәстүр» жылы аясында мешіт молдалары мен жамағаттары арасында ұйымдастырылған.
«Бата беру жарысының талаптарына сәйкес жасы 50-ден асқан 13 ақсақал өзара бақ сынасты. Сайыс бес кезеңнен тұрды. Нәтижесінде Ақсу ауданы мешітінің жамағаттары Тукай Сырдыхан мен Рамазан Берікбаев І және ІІ орынды иеленді. Павлодар ауданы «Қасым қажы» мешітінің жамағаты Қуат Баязитов ІІІ орынға лайық деп танылды», - деді А. Тойшыбайұлы.
Орталық мешіттің баспасөз хатшысының айтуынша, алдағы уақытта осындай байқаулар облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып, жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.
Фото: Pavlodarnews.kz