Астанада 2015 жылдың соңына дейін 55 жылытылатын аялдама орнатылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 2015 жылдың соңына дейін 55 жылытылатын аялдама орнатылмақ

12.07.2015
Астанада 2015 жылдың соңына дейін 55 жылытылатын аялдама орнатылмақ

«Астана LRT» ЖШС басшылығының айтуынша, олар әлеуметтік маңызы бар нысандарға жақын орналасады. Басқа аялдама кешендеріне келер болсақ, олар 100 пайыз жаңғыртылмақ.

Аялдама павильондарын 12,5 және 20 шаршы метр болатын екі өлшемде салынбақ. Қыс мезгілінде аялдама температурасын бақылау тетігі бар инфрақызыл жылытқыштар сақтап тұрады.

Сонымен қатар, барлық аялдамалар бейнебақылау камераларымен және басқа да тетіктермен жабдықталады. Аялдама кешендерінің ішіндегі ауа алмасу табиғи желдетумен іске асырылады.

Жабық типтегі барлық нысандар дәнекерленген болат қораптардан жасалады, деп хабарлайды «Астана LRT» ЖШС.

Хабарламаларға жазылу