«Бүгінде аз қамтылған отбасындағы мектеп оқушыларына қатысты жүйе қалдырылды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған оқушылар жергілікті бюджеттің есебінен мектепте тегін тамақана алады. Жыл сайын қаражаттар қарастырылмақ», - дейді министр.
Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев оқушылардың тамақтануын қамтамасыз етуге бизнесмендерді тарту қажеттігін айтады.
«Жергілікті бюджеттен оқушылар тамағына қажетті қаражатты қарастыру керек. Бірақ, бұған кәсіпкерлерді де тартуымыз керек», - деді Б.Сапарбаев.