Өкінішке қарай, 14 шілдеге жоспарланған УЕФА Чемпиондар лигасының 2-ші кезеңіндегі «Марибор» мен «Астана» арасындағы матчтың тікелей көрсетілімі болмайды.
«Марибор» футбол клубының хабарлауынша Словения телевизиясы еш себепті түсіндірместен ойынның көрсетілімінен бас тартқан. Ал, бұған дейін матч «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 14 шілде күні сағат 00:30-да тікелей эфирде, ал 15 шілдеде екі рет қайталаумен «KAZsport» телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған.
Қазіргі уақытта көрсетілімді ұйымдастырудың басқа да нұсқалары қарастырылуда. Көрсетілім «Марибор» клубының сайтында жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы қосымша хабарланады.