Кенже Жұманұлы: «Алтын қалам» байқауының берері көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенже Жұманұлы: «Алтын қалам» байқауының берері көп

10.07.2015
Кенже Жұманұлы:  «Алтын қалам» байқауының берері көп

Байқаудың мақсаты мен шарттары төңірегінде әңгіме өрбіткен ол: «Байқау алғаш рет 2010 жылы басталған. Әуелде байқау қалай болар екен, деп ойлаған едік, бірақ биыл төртінші маусымын ұйымдастырып отырмыз. Соған қарағанда, қатысушылардың жобаға деген ынтасы жоғары сияқты. Қазір конкурсқа шығармалар қабылдаудамыз»,-дейді.

«Байқаудың берері көп. Бүгінде қазақ әдебиеті тоқырауға ұшыраған секілді. Себебі, қаламгерлердің өзара байланысы жоқ. Қаламгер мен оқырманның арасындағы байланыс үзілген сияқты. Ал, газеттер қандайда бір кітаптың  жарыққа шыққанын ғана айтуда. Бір қарағанда,  әдебиетте тыныштық орнағандай.

Алайда, жазып жатқандар өте көп екенін біз осы конкурс барысында байқадық. Олардың қатарында жазушылар ғана емес, қарапайым жұмысшы да, әскери қызметкер де, зейнеткер де бар. Байқау – қалам ұстаған әрбір жанға демеу».

«Байқауда ешқандай шектеу жоқ. Оған кез келген адам қатыса алады. Сондай-ақ, бір үміткердің үш шығармасын қатар ұсынуына мүмкіндік бар. Бұрын бізде «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік балалар шығармасы» деген аталымдар болған. Ал, биылғы тағы бір жаңалық – «Жылдың үздік сатирасы», «Жылдың үздік киносценарий және драматургиясы», «Жылдың үздік детектив және фантастика шығармасы», сондай-ақ, «Демеуші таңдау» деген аталымдарды қостық».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу