Мектеп оқушыларының кәсіпкерліктің не екенін ұғынуы үшін SAGE жобасы аса тиімді. Бүгінде бағдарлама әлемдегі 20 дамушы елдің 7,5 мыңнан астам жоғары сынып оқушыларының басын біріктіріп отыр.
Жоба Қазақстанда 2013 жылдан бері жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама білім алушылар арасында үлкен табысқа ие. Мұнда оқушылар өз ісін ашудың қыр-сырына, топта жұмыс жасауға, түрлі презентациялар өткізуге, демеушілер тартуға машықтанады.
Сондай-ақ, заманауи экономикалық, әлеуметтік және экологиялық процестерді ұлттық және жаһандық көлемде түсінуге үйренеді.
Жасөспірімдерді кәсіпкерлікке тарту жұмыстарының барысы туралы бүгін 17:50-де «Өзекжарды» хабарында SAGE жобасының үйлестірушісі Айнұр Бектемірова айтып береді.