«Славян базары» фестиваліне Қазақстан атынан Димаш Құдайберген қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Славян базары» фестиваліне Қазақстан атынан Димаш Құдайберген қатысады

09.07.2015
«Славян базары» фестиваліне Қазақстан атынан Димаш Құдайберген қатысады

Беларусьте «Витебскіде Славян базары» халықаралық өнер фестивалі ашылады. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Болгария, Италия, Куба, Мексика, Польша, Ресей және басқа да елдерден 21 жас орындаушы қатысады.

Қазақстанның намысын Димаш Құдайберген қорғайды.

Фестиваль 9-13 шілдеде өтеді. Қағидаға сәйкес олардың 15-і финалға шығып, 20 мың долларлық Гран-приге таласады.

Қазылар тобын РФ-дағы Әзірбайжанның Төтенше және өкілетті Елшісі, әнші Полад Бюльбюль-оглы басқарады.

Хабарламаларға жазылу