Анатолий Тимощук: «Қайратпен» келісімшартқа қол қойғаныма қуаныштымын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анатолий Тимощук: «Қайратпен» келісімшартқа қол қойғаныма қуаныштымын

08.07.2015
Анатолий Тимощук: «Қайратпен» келісімшартқа қол қойғаныма қуаныштымын

«Зенит» клубы Тимощукке «Зенит-2» командасына ойыншы-жаттықтырушы ретінде карьерасын жалғастыруды ұсынған. Бірақ, «Зенит-2» командасына ауысуы Анатолийге тиімсіз. Өйткені, Анатолий Тимощук үшін Еуро-2016 турнирінде ойнау өте маңызды. Сол себепті ол әрдайым бабында болуы қажет. Сондай-ақ, Тимощук Украина құрамасының бас бапкері Михаил Фоменкомен де кеңескен», - дейді ресейлік телекомментатор Алексей Андронов.

Еске сала кетейік, Анатолий Тимощук «Қайрат» сапына 5 шілде күні ауысқан. 36 жастағы футболшымен алматылық клуб 1,5 жылға келісімшарт жасасқан.  Ол – 44-нөмірмен ойнайды.

Анатолий Тимощук Донецкінің «Шахтер» клубында 10 жылдай ойнаған соң, 2007 жылы ресейлік «Зенит» сапына ауысқан. Екі жыл ішінде Анатолий Тимощук Ресей Суперкубогы мен УЕФА Суперкубогын жеңіп алған.

Ал, 2009 жылы Тимощук мюнхендік «Бавария» клубына ауысып, Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған. 2013 жылы жартылай қорғаушы «Зенит» сапына қайта ауысып, Ресей чемпионы болған. 

 

Хабарламаларға жазылу