Еуропа Лигасы. «Ордабасының» қарсыласы «Бейтар» клубы туралы не білеміз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Лигасы. «Ордабасының» қарсыласы «Бейтар» клубы туралы не білеміз?

07.07.2015
Еуропа Лигасы. «Ордабасының» қарсыласы «Бейтар» клубы туралы не білеміз?

Команда 1954 жылы алғашқы рет Израиль чемпионатының жоғары лигасына өтеді. Алайда, біріншілікте нәтижелі ойнай алмай сол жылы қайтадан екінші дивизионға түсіп кеткен. «Бейтар» командасы тек 1966-68 жылдары ғана жоғары лигаға қайта оралған.

1970-ші жылдары клубқа Ури Мальмильянның келуімен «Бейтар» Израильдік үздік командалардың біріне айналады. Ал, 1976 жылы қорғаушылар Йосси Хахам, Ицхак Жано, жартылай қорғаушылар Ури Мальмильян, Виктор Леви, Дани Нойман мен қақпашы Йосси Мизрахи сияқты ойыншылар арқасында алғаш рет Израиль Кубогын жеңіп алады. Сол жылы клубтың көкшіл-ақ түсті формасы сары-қараға өзгереді.

Осыдан кейін «Бейтар» командасы 1979, 1984-1986 жылдары тағы да ел Кубогын иеленеді. Ал, 1987 жылы тарихында алғаш рет Израиль чемпионы атанады. Сонымен қатар, клубты Дрор Каштан жаттықтырған кезде «Бейтар» қатарынан екі маусым (1996-97, 1997-98) Израиль чемпионатын ұтып алады.

2005 жылы «Бейтарды» миллиардер Аркадий Гайдамак сатып алып, қыруар ақша бөліп, жаңа бапкерлер мен ойыншылар шақыртады. Нәтижесінде «Бейтар» командасы 2006-07, 2007-08 маусымда Израиль чемпионы атанып, 2008 жылы ел Кубогын иеленеді. Ал, 2009 жылы команданы израильдік-америкалық бизнесмен Гуме Агуяру сатып алған.

Жетістіктері: Израиль чемпионы (6 рет): 1986/87, 1992/93, 1996/97, 1997/98, 2006/07, 2007/08;

Израиль Кубок иегері (7 рет): 1975/1976, 1978/1979, 1984/1985, 1985/1986, 1988/1989, 2007/2008, 2008/2009;

Израиль лигасының Кубка иегері (Тото Кубогы) 1997/1998, 2009/2010.

Айта кетейік, 9 шілде күні «Бейтар» командасы Иерусалимде шымкенттік «Ордабасы» командасымен қарымта кездесу өткізеді. Шымкентте өткен алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған еді. Қазақстандық көрермен ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 23:00-де тікелей эфирде тамашалай алады.  

Хабарламаларға жазылу