Испания Королі VI Фелипе Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Ол сондай-ақ, екі елдің саяси, экономикалық және мәдени байланыстары оң үрдісте дамып келе жатқанына назар аударды.
Жеделхатта Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатта екені де атап өтілген.
Соңында VI Фелипе Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі.
Испания Үкіметінің төрағасы М.Рахой құттықтауында Қазақстан мен Испания екі елді ұзақ уақыттан бері байланыстырып келе жатқан достық қатынастарды алдағы уақытта да нығайта беретініне сенім білдірді.