Қазақстанда мемлекет қызмет саласында 8 мыңдай бос жұмыс орны бар - Т.Донақов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда мемлекет қызмет саласында 8 мыңдай бос жұмыс орны бар - Т.Донақов

08.06.2016
Қазақстанда мемлекет қызмет саласында 8 мыңдай бос жұмыс орны бар - Т.Донақов

Қазақстанда мемлекет қызмет саласында 8 мыңдай бос жұмыс орны бар. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов мәлім етті.

«Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штаттық саны шамамен 99 мың адамды құрайды. Оның ішінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілер саны 98 464 адам. Ал оның «Б» атқарушы корпусында 97 971 адам бар. Бұл - біздің мемлекеттік қызметтің ядросы. «А» басқарушы корпусында 493 және саяси мемлекеттік қызметшілер қатарында 422 адам бар», - деді министр.

Дегенмен, Т.Донақовтың атап өтуінше, шамамен 7,6 пайыз бос орындар бар. Сол себепті бүгінгі күні мемлекеттік аппараттағы қызметшілердің жалпы саны 91 адамнан асып отыр.

«Жүргізілген реформалар әкімшілік лауазымдардың лауазымның басқа санаттарынан, әсіресе саяси және «А» корпусының бекітілген бірқатар ерекше мәртебесімен салыстырғанда басымдыққа ие болуына әкелді. Мұндай жайт ЭЫДҰ ұсынымдарына сай келеді және мемлекекеттік аппараттың автономдығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді»,-  деді ол.

Хабарламаларға жазылу