Индонезия: Суматра жағалауында 6,5 балдық жер сілкінісі болды
Индонезиядағы Суматра аралының жағалауында 6,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды американдық сейсмологтардың мәліметтеріне сілтеме жасап BBC.
Бірінші жерасты дүмпулерінен кейін адамдардың зәресі ұшып, үйлерінен сыртқа жүгіріп шыққан, абырой болғанда зілзала салдарынан қаза тапқандар жоқ, ғимараттар қираған оқиға тіркелмеді.
Жер сілкінісі кезінде жағалаудағы кейбір аудандар жарықсыз қалған, бірақ ол көп ұзамай толық қалпына келтірілді.
Жер сілкінісінің ошағы Паданг кемежай қаласынан шамамен 140 км жерде орналасқан, ал оның ошағы 50 шақырымға жуық тереңдікте болды.
Жер сілкінісіне байланысты цунами қаупі жарияланған жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтау мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
23.01.2026, 17:41
Алматыдағы мектепте ЖИ зертхана ашылды
23.01.2026, 17:36
Тараздағы әскери мектеп-интернатқа 180 бала қабылданды
23.01.2026, 17:33
Ғылымға бет бұрған ғалымдар көбейіп келеді
23.01.2026, 17:30
Жастарды қолдау шаралары жүйелі жұмыс істеуде
23.01.2026, 17:27
Абай облысы жедел жәрдем көліктерімен толықты
23.01.2026, 17:24
Қарағанды облысында жаңа мәдениет үйі ашылды
23.01.2026, 17:21
О.Сүлейменовты Нобель сыйлығына ұсынды
23.01.2026, 17:18