«Мергендер мекені» жобасына өтінім қабылдау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өтінім қабылдау тоқтатылды!

«Мергендер мекені» жобасына өтінім қабылдау


«Мергендер мекені» реалити жобасының мақсаты - ұлттық садақ ату өнерін қайта жаңғыртып, спорттың осы түрімен айналысатын қазақстандықтарды насихаттау.

Жоба барысында республиканың әр өңірінен қатысушылар дәстүрлі садақ атудан сайысқа түсіп, мергендігін сынайды. Жобаға 15 жастан асқан қазақстандықтар қатыса алады.

Өтінімдер 2023 жылғы 18 маусымнан бастап 12 шілдеге дейін қабылданады.

Жобаның іріктеу кезеңдері еліміздің 17 облысы мен 3 қаласында өтеді:

24 маусым - Алматы қаласында (Алматы қ-сы, Алматы облысы);

28 маусым - Түркістанда (Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан);

3 шілде - Ақтауда (Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қызылорда);

9 шілде - Ұлытауда (Жезқазған, Павлодар, Семей, Өскемен, Талдықорған);

13 шілде - Бурабайда (Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Қарағанды).

Өтінімдер қабылдау әр аймақтағы түсірілім күнінен екі тәулік бұрын тоқтатылады. Ел бойынша әр облыс пен қаладан 10 садақшыдан (ерлер және әйелдер) іріктеледі. Жоба ережесі бойынша әр аймақта жарысқа қатысушыларды дайындайтын тұрақты кеңесші жəне жаттықтырушы кəсіби садақшылар болады. Тұрақты кеңесші - Дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті, Қазақстанның аға жаттықтырушысы Диас Ахметов.

Жоба финалы 27 шілдеде Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 (747) 900 00 09 нөміріне хабарласа аласыздар.