Толқын дизайнер-тігінші мамандығының 1-курс студенті. Анасы мен денсаулығында кінәраты бар інісіне көмектесу үшін тігін тігіп, қосымша табыс табуға да үлгереді.
Толқынның әкесі көзі тірісінде Қанышпен бесік құда болуға уағдаласқан екен. Толқын әке-шешесінің сөзін жерге тастамай, Қаныштың ұлы Әлиге тұрмысқа шығуға келіседі. Бірақ өткеннің жаңғырығы екі жастың бақытына кедергі келтіреді.
Толқын тағдыр толқынына қалай төтеп берді?
Басты кейіпкерлер:
Толқын – Ертаева Дильназ
Әли (Толқынның күйеу жігіті) – Абылай Әбдіқали
Қаныш (Әлидің әкесі) – Мұрат Жарылқасынов
Зәуре (Әлидің анасы) – Әлия Жанатқызы
Хайдар (Толқынға ғашық жігіт) – Дархан Сүлейменов
Мұхит (Әлидің досы) – Аян Батырбек
Раушан (Әлиге ғашық қыз) – Әмина Мектепбаева