Азра – танымал түрік кәуапшысының қызы. Америкада аспаздық білім алып жүр. Женк – дәулетті отбасының ұлы, ірі мейрамхана бизнесінің мұрагері.
Олар – Американың бір университетінде білім алып жатқанымен, бір-бірін мүлде танымайтын студенттер. Екеуі жазғы демалысқа Стамбұлға бара жатып, ұшақта кездейсоқ жолығып қалады.
Алаңсыз өмір кешіп жүрген ауқатты отбасы балалары бұл сапардың тағдырларын түбегейлі өзгертетінінен бейхабар...