Өркениет шырақшысы

Эфирге шығатын уақыты: сенбі, 20:35

Кемеліне жеткен шағында Әбу Насыр елін тастап, Бағдадқа неге аттанды? Ұлы ойшылға қатысты «Отырар кітапханасының негізін қалаған» деген аңыз шындыққа қаншалықты жанасымды? Неліктен барша өркениетті әлем оған «екінші ұстаз» деп тағзым етеді? Деректі туындыда осы сауалдарға жауап беріліп, Әл-Фараби адамзаттың асыл қазынасы - ғылым жетістіктері мен азат ойдың құтқарушысы ретінде сипатталады. «Екінші ұстаздың» араб елдерінде жарық көрген еңбектерінің басым көпшілігі сақталғанын, ал туған еліндегілері Түркістан өркениетімен бірге жоғалғаны айтылады.

Хабарламаларға жазылу