Мағжан. Мен жастарға сенемін! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мағжан. Мен жастарға сенемін!

4 бөлімді тарихи телехикаяда Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, ұлт үшін басын құрбандыққа шалған қайраткерлігі туралы баяндалады.

Телехикаяда Мағжан Жұмабаев өмірінің 1915-1921 жылдар аралығындағы кезеңі қамтылған. Орынборға келуі, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқып жүрген шағы, Сәкен Сейфуллинмен достығы, Қызылжар мұғалімдер курсының оқытушысы Гүлсім Камаловаға ғашық болуы суреттеледі. Тарихи драмада ақынның замандастары Міржақып Дулатов пен Сәбит Мұқановтың бейнелері де бар. 

Эфирге шығатын уақыты: 24-25 қазан, 21:00

Жанры: тарихи драма

Бөлім саны:

Режиссері: Дархан Сәркенов

Сценарист: Қанат Рамазан 

Бас продюсері: Назгүл Қарабалина



Рөлдерде

Мағжан Жұмабаев
Актер Мейірғат Амангелдин
Міржақып Дулатұлы
Актер Қайрат Набиолла
Сәкен Сейфуллин
Актер Қуаныш Құдайберген
Гүлсім
Актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай
Аққағаз Досжанова
Актриса Инабат Ризабекова
Нығмет Нұрмақов
Актер Әлихан Лепесбаев
Мұхтар Саматов
Актер Дүйсехан Қасым
Едіге
Нұрғиса Қуанышбайұлы

Хабарламаларға жазылу