Бүркітші қыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүркітші қыз

4 бөлімді телехикая жеті атадан жалғасып келе жатқан, екі мың жылдық тариxы бар қазақтың құсбегілік және саятшылық өнерін дәріптеуге арналады.

Телехикая атакәсіппен айналысатын Тасболаттың отбасы туралы. Тасболат таудағы бүркіттің ұясынан балапан алып келіп, атын Ұшқыр қояды. Арай есімді қызы екеуі құсты әбден баптап, бүркітшілер жарысына қатыстырмақ болады. Бірақ бүркіт сатып, пайда табуды көздеген Бағдат ата мен ұлы Заңғар Тасболатты ұяның қайда екенін айтпағаны үшін жазалап, Ұшқырды жемдеп қояды. Жарыстан ұтылған құсына ыза болған Тасболат оны атып салмақ болғанда Арай араша түсіп, өзі оққа ұшады. Осы сәттен бастап таудағы отбасының өмірі түбегейлі өзгереді.  

Басты рөлдерді Әмина Мұратқызы, Алмас Ақылбай, Нұргүл Мыңғатова, Мұрат Тоқашбаев, Саят Мерекенов, Ажарлым Мағзұм сомдайды. Сериалда «Бүркітші қыз» атымен танылған Айшолпан Нұрғайып та ойнайды. 

Хабарламаларға жазылу