Qazaqstan дауысы. Балалар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Qazaqstan дауысы. Балалар

Qazaqstan дауысы. Балалар

«Qazaqstan дауысы. Балалар» - әлемнің 100 елінде көрсетілген әйгілі «The Voice. Kids» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Жобаның басты ерекшелігі - қатысушылар вокалдық қабілеттеріне қарай таңдалады. Төрт тәлімгер өз шәкірттерін таңдап, оларды жеңіске жетелеу үшін барын салады, өз тәжірибелерімен бөліседі.

Жоба «Көрмей таңдау», «Жекпе-жек» және «Тікелей эфир» кезеңдерінен тұрады.

Жекпе-жек. «Qazaqstan дауысы. Балалар» жаңа кезеңді бастайды

Бұған дейін үміткерлер «Көрмей таңдау» кезеңі бойынша бақ сынады. Жобаның жаңа айналымы «Жекпе-жек» деп аталады. Мұнда алдыңғы кезеңдерден іріктелген қатысушылар топқа бөлініп ән шырқайды. Жоба ережесі бойынша трио болып ән шырқаған қатысушылардың тек біреуі сайысты жалғастыруға, яғни тікелей эфирге жолдама алады. 4 мыңнан астам үміткердің арасынан суырылып шыққан жас таланттардың тартысты бәсекесін 4 маусым 21:00-де Ұлттық арнадан көріңіздер.





Тәлімгерлер

Жұбаныш Жексенұлы
Жанар Дұғалова
Дастан Оразбеков
Маржан Арапбаева