Таңшолпан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан

Эфир уақыты: 25 ақпаннан бастап дүйсенбі-жұма аралығында, 21:30

Қазақы ортада еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін сүйіп көретін бір бағдарлама болса, ол – «Таңшолпан». Сан жылдық тарихы бар атаулы бағдарлама осы уақытқа дейін өз деңгейін төмендеткен емес. Бұл – бағдарлама ұжымының ұзақ уақыт бойғы төккен тер мен еткен еңбегінің жемісі. Телехикая осынау зор құрметке бөлене білген «Таңшолпан» мен оның жанкешті ұжымына арналады.

Туындыда телеарна мен көрермен арасын жалғап, экранның артында жасырынған кейіпкерлердің тағдыры баяндалады.

Хабарламаларға жазылу