Бағдарламаның әр санында тағдырдың таудай тауқіметін тартып жүрген темірдей мықты жандардың боямасыз өмірі көрсетіледі. Кейіпкердің өмірден түйгені, қиындықтармен күресу амалдары, бақытқа жету жолындағы қадамдары туралы ой өрбітіледі. Жоба кейіпкерлері - Қазақстанның әр өңіріндегі тағдыры әсерлі, болмысы әр қилы жандар.