Өмір көркем - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Өмір көркем

Өмір көркем

Жоба өмірді қалай сүру керектігін емес, өмірдің сұлулығын көрсетуді мақсат етеді.

Бағдарламаны журналист Айкерім Есенәлі тізгіндейді.

«Өмір көркем» бағдарламасы қыз-келіншектерге сұлулықтың құпияларын, дұрыс тамақтану мен денсаулық формуласы, отбасы құндылығы және өмір сапасын арттырудың жолдары мен пайдалы кеңестер ұсынады.

Тікелей эфирде арнайы шақырылған аспаздар мен танымал фуд-блогерлер тағам дайындаудың түрлі тәсілдерімен бөліседі. Фитнес жаттығулар мен денсаулық саласы мамандарының кеңесі де бар.

Студия қонағы ретінде танымал тұлғаларды, блогерлер мен көпшілікті талантымен таңғалдырған өнерпаздарды, Қазақстанға белгілі өнер иелерін, сондай-ақ басқа да үйретері мен айтары мол азаматтарды көресіздер.

Сонымен қатар бағдарламада әлеуметтік желіде немесе қоғамда талқыланып жатқан өзекті тақырыптар мен маңызды оқиғаларға қатысты сарапшылардың, мамандардың пікірі айтылады.



Хабарламаларға жазылу