«Мүдде» — қоғамдық-саяси бағдарлама. Парламент қабырғасында талқыланып жатқан өзекті мәселелер мен жаңа заң жобаларының мәнін тереңінен ашып, көрерменге түсінікті тілде жеткізуді мақсат тұтады. Бағдарлама барысында заң талаптарының қоғам өміріне ықпалы, олардың қабылдану себептері мен күтілетін нәтижелері айтылады.
«Мүдде» — заң мен халық арасындағы көпір. Әр шығарылым – ел тағдырын шешетін маңызды тақырыптарға арналған ашық алаң.
Бағдарламаның жүргізушісі — ҚР Мәжіліс депутаты Айдос Сарым.