Мергендер мекені - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Мергендер мекені

Мергендер мекені

«Мергендер мекені» реалити жобасының мақсаты - ұлттық садақ ату өнерін қайта жаңғыртып, спорттың осы түрімен айналысатын қазақстандықтарды насихаттау.

Жоба барысында республиканың әр өңірінен қатысушылар дәстүрлі садақ атудан сайысқа түсіп, мергендігін сынайды. Жобаға 15 жастан асқан қазақстандықтар қатысады.

Ел бойынша әр облыс пен қаладан 10 садақшыдан (ерлер және әйелдер) іріктеледі. Жоба ережесі бойынша әр аймақта жарысқа қатысушыларды дайындайтын тұрақты кеңесші жəне жаттықтырушы кəсіби садақшылар болады. Тұрақты кеңесші - Дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті, Қазақстанның аға жаттықтырушысы Диас Ахметов.