Егіз лебіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Егіз лебіз

Егіз лебіз

Музыкалық телешоуда кәсіби вокалистер мен өзге саланың өкілдері бірге ән айтып, жұп болып жарысады. Барлық музыкалық шығарылым жанды дауыспен орындалады. Әр кезең сайын қазылардың ұпайы мен көрермен берген дауыс қосындысы бойынша аз көрсеткіш алған бір жұп жобадан шығады. Финалда 3 жұп бақ сынайды.

Тұрақты әділ қазы мүшелері - Тұңғышбай Жаманқұлов, Толқын Забирова. Ал үшінші әділ қазы мүшесі әр шығарылым сайын ауысып отырады.

Жоба жүргізушілері - Ғалымжан Кеңшілік, Гүлнұр Оразымбетова.