Аңсаған сәби
Әлеуметтік бағыттағы тележобаның мақсаты – нәресте сүйе алмай, сәби күлкісін аңсаған ерлі-зайыптыларға көмек көрсету, халықты сауатты ақпараттандыру, қоғамдағы отбасылық институттың нығаюына атсалысу.
Жобадағы әр жұптың оқиғасы шынайы өмірден алынған. Бағдарламада мемлекеттік квотамен немесе өз қаражатымен балалы болған ерлі-зайыптылардың үміт пен бақытқа толы қуанышты сәттері көрсетіледі. Сонымен қатар репродуктология саласында отандық медицинаның әлемдік деңгейдегі жетістіктері мен нәтижесі көрерменге ұсынылады.