«Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Басымды иемін!». Н.Назарбаев.
Қашанда халқымен бірге Мемлекет басшысы: «1991 жылы сайланар алдында еліме берген уәдемді орындай алдым, деп ойлаймын. Сол кезеңдері жанымдағы адамдармен бірге біз Тәуелсіз Қазақстанды құра алдық. Терезесін тең қылып, дүниежүзіне паш еттік»,-дейді.
Әр істі бастамас бұрын халқына жүгінетін Елбасы жеткен жетістіктерін халқымен байланыстыратынын айтады.
«Қиналсам да, қуансам да, бар-жоғымның сыншысы, ар-намысымның өлшемі тек халқым болсын»,-дейді.
Бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:45-те «Ой бөлістім халқыммен» арнайы тележобасын көріңіз.