Жұманазар Ерсұлтанов 1984 жылдың 1 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Бойының ұзындығы – 160 см. Салмағы 160 келі.
Жұманазар – Қазақ күресінен спорт шебері. «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің қола белбеу иегері (2013), Қазақ күресінен Қ.Мұңайтпасов атындағы халықаралық турнирдің түйе палуандар арасындағы жеңімпазы (2013). Бапкері – Болат Тұрмаханбетов.
Ал, Ерлан Омаров 1984 жылдың 22 тамызында Қостанай облысында дүниеге келген. Бойының ұзындығы – 177 см. Салмағы 87 келі.
Ерлан – Қазақ күресінен спорт шебері. Қазақ күресінен ҚР чемпионатының қола жүлдегері (2012), Қазақ күресінен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (2011), Қазақ күресінен ҚР чемпионы (2010). Бапкері – Бисен Әубәкіров.
Қазіргі таңда республикалық сайысқа қатысатын қос спортшы жас мөлшері жағынан ең үлкен палуан, деп танылған.