Қазақстанда ауыр өнеркәсіптің дамуына жерасты байлықтары кең мүмкіндіктер берді. Елімізде қазба байлықтарының зерттелген қоры мол. Көмір мен мұнай, мыс пен қорғасын, темір мен хром, никель мен вольфрам, алюминий мен мырыш, алтын мен күміс, ванадий мен вольфрам және уран кен қорлары бар.
Қазақстанның Жезқазған, Ақтоғай, Қоңырат мыс кендері, Соколов-Сарыбай, Әйет, Лисаковка, Атасу, Дөң, Қашар қара металл кендерінің мәні зор. Батыс Қазақстан, Екібастұз, Қарағанды және т.б. өңірлердегі мұнай, газ, көмір қорлары да айтарлықтай.
Қазақстан – дүниежүзілік ауыр өнеркәсіп саласында өзіндік орны мен зор мүмкіндіктері бар мемлекет. Еліміздегі бұл саланың іргесі XX ғасырдың басында қаланды.
Ел экономикасын дамытудың негізгі көзі – ауыр өнеркәсіп саласының қарқыны туралы бүгін 19:05-те «Ауыр өнеркәсіп – ел экономикасының локомотиві» арнайы хабарынан көріңіз.