Қазақ үшін шаңырақ – қай кезде де киелі ұғым, қастерлі түсінік. Біздің қоғамда отбасы қашанда руһани және мәдени дәстүрдің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы.
Әр шаңырақтың биік, уығы мен керегелерінің берік болуы – тағдыр қосып, бірге тіршілік етуге бекінген екі адамның береке-бірлігіне, ынтымағына байланысты. Ал, ынтымақ жоқ жерде бақыттың да ауылы алыс.
Бүгінде ажырасу жиілеп кетті. Себебі неде? Отбасылық құндылықтарды қалай түсінеміз? Қазақы тәрбиенің маңызы қандай? Ата-ананың бала алдындағы, баланың ата-ана алдындағы жауапкершілігі қандай болуы керек?
«Айтуға оңай...» ток-шоуы бүгін 21:05-те осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбітпек.